Жүгенсіз жылқылар

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың қақ ортасында иесіз жүрген жылқылар туралы ақпарат ІІБ жедел басқару басқармасына келіп түскен, деп хабарлайды alau.kz.1-1-640x397Қала тұрғыны тәртіп сақшыларына қоңырау шалып, Майлин-Пушкин көшелері қиылысында екі жылқы қараусыз жүргені туралы айтқан. Куәгер жануарлар аталған көшелерді қиып өтіп, Тәуелсіздік көшесіне беттегенін мәлімдепті. 
"Оқиға орнына кавалериялық взводтың автобақылаушылары жөнелтілді. Полицейлер жылқыларды Чехов көшесінен тауып, иелері табылғанға дейін арнайы жылқы қорасына жеткізді", – делінеді ІІД хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓