5-қабаттан секірмек болған
Қостанайда патрульдік полицей көп қабатты үйдің 5-қабатынан секірмек болған қызды құтқарды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 7 маусымда патрульдік полиция қызметкері полиция кіші лейтенанты Нығмет Үдербаев түнгі ауысымға кезекшілікке түскен. Ол әріптесі кіші полиция лейтенанты Нұрлыбек Байкенжинмен бірге қалада автокөліктерді патрульдеп жүріпті.

Бесінші қабатқа қайта көтерілген тәртіп сақшысы көрші пәтерге, содан кейін қыздың балконымен қабырғалас балконға кіреді. Екі балконды арақабырға бөліп тұрғандықтан, пәтер иесі оны бұзып, көрші балконға кіруге рұқсат беріпті.
«Мен осы ағаш арақабырғаны сындырып, қыздың пәтеріне кірдім де, секіргелі отырған оны тоқтатып қалдым. Ол жылап, жігітімен ұрысқанын айтты», – дейді Н.Үдербаев.
Куәгерлер бұл оқиғаны бейне таспаға түсіріп, тәртіп сақшысына алғыстарын жаудырып жатты.
