Үлгі етер бастама

Қазақтың «отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады» дегені рас-ау. Оған күні кеше ғана ертіс-Баян өңіріне барып келген сапарымызда көз жеткіздік. Павлодар облысы биыл да Ұлыстың Ұлы күні мейрамын қырық тәулікке созып, сәуірдің отызы күні салтанатпен шығарып салды. Әз мерекені бұлай тойлаудың да себебі жоқ емес. Наурыз айының 22-сі күні бастау алған Ертістегі мейрам айдан аса уақыт аудан-қалаларда, барлық мекеме-орындарда аталып өтіліп келіп, сәуір айының 30-ы күні облыс орталығында үлкен шараға ұласты.index5«Рухани жаңғыру» аясында және Елорданың мерейлі 20 жылдығын бастау еткен Ертіс-Баян елінің биылғы Наурыз тойы белгілі қоғам қайраткері Мұса Шорманұлының 200, атақты Бұқар жыраудың 350, ойшыл ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 160, демократ ақын Сұлтанмахмұт Торайғырұлының 90 жылдығы қатарлы мерейтойларды шет қалдырмапты. Ал осы өңірдің жауһары саналатын Баянауыл ауданының құрылғанына да 90 жыл толып отыр.index2Орталық алаңда 71 киіз үй бой көтеріп, жүздеген келі бауырсақ, ит басына төгілген наурыз көже, палау, басқа да ас-тағамдардың таратылғанын қайтесіз. Ауыл-ауылға бөлінген киіз үй қалашықтарында халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігінен көріністер қойылып, көрмелер қойылған.  Дегенмен бұл жолғы мерекелік думан балаларға басым бағыт бергенін айта кетейік. «Бүлдіршіндер әлемі» атты аумақ құрылып, «Шығыс базары», «Достық шеберханасы», «Білім инновация» көрмесі, «Көктемнің шуағы – Наурыз!», «Бала барысы», «Арқан тарту», «Алтын сақа», «Тоғызқұмалақ», балаларға арналған «Ойын алаңы» қатарлы ойын-сауық, спорттық, танымдық шаралары ұйымдастырылды.index6Облыс басшылығы Ұлыстың Ұлы күнін өңір ішінде ғана тойлаумен шектеліп қалмаған. Еліміздің барлық аймағынан өнерпаздарды, соның ішінде дәстүрлі ән-жыр мектебінің өкілдерін, эстрада жұлдыздарын арнайы шақырған екен. Олар әр аймақтың өзіне тән ән-жырын орындап, жергілікті жұртшылыққа үлкен сый жасады.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар өңірінің басшылығы солтүстік аймақта көктем кеш келетіндіктен, Наурыз тойын тойлауды сәуірге шегеру туралы бастама көтерген болатын. Сол ұсыныс жергілікті жұртшылықтан қолдау тауып, енді міне, өздері екі жыл қатарынан әз мерекені тойлап келе жатыр. Расымен бізге де осы үрдіс іліп әкетерлік бастама екен!
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓