Екі апта ыстық су болмайды

13-27 тамыз аралығында Қостанай қаласында ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай жылыту-энергетика компаниясына сілтеме жасап. 
Компания баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қалада жылыту маусымына дайындық аясында, магистральдық жылу желілері жөнделеді және олардың жоғары қысымға дайындығы тексеріледі. Осыған байланысты 27 тамызға дейін ыстық су беру тоқтатылады. 
«2017-2018 жылғы жылыту маусымы аяқталған соң үстіміздегі жылдың 11-15 мамыры аралығында ЖЭО-ға қосылған магистральды жылу желілерінде, №2, №3 қазандықтарда гидравликалық сынақтар жүргізілді. Сынақ нәтижесінде анықталған 36 ақау қысқа мерзімде жөнделді», – дейді кәсіпорын өкілдері.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы шаралардың атқарылуы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін, негізгі және қосалқы қондырғылардың сенімділігін арттыруға, отынның жұмсалуын қысқартуға септігін тигізеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓