Күдікті жүргізуші ұсталды

Қостанайда 15 жасар мектеп оқушысы Владимир Беленикинді қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.дтп
Жәбірленушінің әкесі Александр Беленикиннің сөзінше, күдікті кеше сағат 23:00 шамасында қолға түскен.
«Бізге тәртіп сақшылары хабарласып, баламды соққан жүргізушінің табылғанын айтты. Күдікті көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін куәгерлер байқап қалған. Қазір күдіктіге қарсы тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Маған кеше жан-жақтан 600-дей адам хабарласып, көмектерін ұсынды. Олардың көбін танымаймын. Барлықтарыңызға алғыс!» – деді Александр Беленкин агенттік тілшісіне.
Еске салсақ, 24 сәуір күні сағат 08:30 шамасында 15 жасар мектеп оқушысы Владимир Беленикинді көлік қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан.
Айта кетейік, жәбірленуші В.Беленикин панкратионмен кәсіби түрде шұғылданады. Ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионы деген атағы бар.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓