Қазақ футболын дамыту қолға алынбақ

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының XVII конференциясында аталған ұйымның атқарушы комитетіне жаңа мүшелер сайланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.20180425131659Атап айтқанда, атқарушы комитеттің құрамына ҚР Ақпарат және коммуникциялар министрі Дәурен Абаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дарxан Кәлетаев, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Қостанай облысының әкімі Арxимед Мұxамбетов, "Қайрат" футзал клубының басшысы Қайрат Оразбеков, "Астана" клубының президенті Саян Хамитжанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Миxаил Чирков, Шымкент қаласы бойынша футбол федерациясының басшысы Бауыржан Абдубаитов, Қазақстанның кәсіби футбол лигасының жетекшісі Олжас Абраев, ҚФФ президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің төрағасы, "Қайрат" футбол клубын бақылау кеңесінің басшысы Қайрат Боранбаев, Әйелдер футболын дамыту қорының өкілі Майя Егімбаева, Lancaster Group-тың акционері Берік Каниев, меценат Николай Мещеряков сайланды.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков атқарушы комитеттің жаңа мүшелерін құттықтап, олардың өз еркімен отандық футболды дамытуға ниет білдіргенін жеткізді.
"Әсіресе, мемлекеттік органдардың басшылары, министрлер мен облыс жетекшісі уақыттың тығыздығына, жұмыстың көптігіне қарамай, қосымша жүктемені алып, отандық футболды дамытуға ниет білдіріп отыр. Әрине, олар футболды жақсы көреді. Дегенмен, дәл осы азаматтар отандық футболдың дамуына үлкен үлес қоса алады", – деп атап көрсетті Ә.Жақсыбеков.
Айта кетейік, бүгінгі конференцияда ҚФФ-ның "Алға, футбол! Алға, Qazaqstan!" атты жаңа стратегиясы таныстырылды. Аталған құжатта батыл бір мақсат бар. Ол – футболдың қазақстандық стилін қалыптастыру. Соның арқасында Қазақстанның футболы барша әлемге танылады деген жоспар бар. Сондай-ақ, жаңа стратегияда әйелдер клубтарын арттыру міндеті белгіленіп отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓