100 жаңа тұлға кімдер?

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» қатарына кіретін адамдар туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.д2урен«Жобаның басты мақсаты – қоғам арасында табыстылықты, меритократия принциптерін, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизм мен Қазақстанның қазіргі дамуына үлкен үлес қосқан азаматтардың білімін насиxаттау және ақпараттық тұрғыда кеңінен танымал ету. Бұл – үлгі боларлық біздің замандастарымыздың өмірлік тәжірибелері, жүріп өткен даңғыл жолдары», – деді министр «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты Елбасы мақаласында айтылған «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» атты жобаны жүзеге асыру бойынша құрылған жұмыс тобының отырысында.
Министрдің атап өткеніндей, бұл тізімге түрлі салада жетістікке жеткен Қазақстанның ең елеулі азаматтары кіретін болады. Оның айтуынша, мұндай жобалар өзге мемлекеттерде де жүзеге асырылған. Жұмыс тобының мақсаты – Қазақстанның ең табысты 100 тұлғасын іздестіру және іріктеу.
«Жұмысты келесі бағыттарда ұйымдастыруды ұсынамын: біріншісі – жұмыс тобының мүшелері мен жергілікті атқарушы органдардан ұсыныстарды жинақтау. Бұл кезеңде ұлттық деңгейде жоба үміткерлері анықталады. Осыдан соң, нақты мерзімдер мен медиа-жоспар жасалады», – деді Д. Абаев.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақпарат және коммуникация министрлігі мен Қазақстан xалқы Ассамблеясы Хатшылығы «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» әлеуметтік жобасын жүзеге асыратын болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓