Велошеру өтеді

26 сәуірде облыс орталығында жеңіс күніне арналған велошеру өтеді. Ол Қостанайда жасақталған 151-ші жеке атқыштар бригадасының фронтқа жіберілу оқиғасына бағышталмақ. Мәре Жеңіс саябағынан бастау алады. Бұл туралы ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.велошеру"Іс-шара 1942 жылдың 26 сәуірінде Қостанайда құрылып, майдан даласына жөнелтілген 151-ші жеке атқыштар бригадасының ерлікті жеңісіне арналады. Велошеру бірнеше көшелерді басып өтіп, қаладағы бейіт басын бағытқа алады. Кеңес одағының батыры, аталмыш бригаданың басшысы болған Илья Сьяновтың басына гүл қойылады. Мұнан соң шеруге қатысушылар қалалық балалар шығармашылығы үйіне келеді. Мұнда сағат 12.00-де митинг ұйымдастырылып, велошеруге қатысушыларды марапаттау рәсімі өтеді", – делінеді хабарламада.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓