Қостанайлық қолкүресші – чемпион
Щучинск қаласында армрестлингтен ХVII Азия чемпионаты өтті. Оған Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолия сынды 14 мемлекеттен 700 спортшы қатысты. Бұл туралы "Наш Костанай" сайты жазады.
Білектілер бәсекесінде ерлер, әйелдер, жасөспірімдер, қыздар, ардагерлер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі спортшылар күш сынасты. Ерлер 11, әйелдер жеті түрлі салмақ дәрежесінде жарысқа түсті. Біздің жерлесіміз Андрей Степанчук 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оң қолмен өнер көрсетіп, чемпион атанды.