Шағын кәсіпке – шынайы қамқорлық
Өткен жылы облыста «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 1 200-ге жуық адам оқу курстарынан өтті. Соның төрттен біріне ғана шағын несие берілген. Ал қалғандары бастапқы айналым қаржысы болмағандықтан бизнес жобаларын жүзеге асыра алмай отыр. Елбасының ауыл-аймақтарда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жаңа бастамасы олардың үміт отын қайта оятқандай. Заречный ауылының тұрғыны Айгүл Айсина тәтті тағамдар дайындауға бала кезден құштар. Туыс-туған, көрші-көлемдері оның тіл үйірер бауырсақ, тоқаштарына жиі тапсырыс береді. Екі-үш жылдан бері жұмыссыз отырып қалғандықтан ол жеке кәсібін ашуға бел буып, былтыр «Бизнес-бастау» оқу курсынан да өтті. Алайда, үміт артқан шағын несие қолына тимеді.
– Былтыр ала алмаған несиемді мен биыл аламын деп ойлаймын. Елбасының бастамалары бізге осындай мүмкіндік тудырып отыр. 1-2 миллион теңге ақшам болса, осындай тәттілер пісіретін цех ашамын деген жоспарым бар, -дейді Заречный кентінің тұрғыны Айгүл Айсина.
Ауылда Айгүл сияқты жеке кәсібін ашуға ниетті адамдар аз емес. Алайда, кепілге қоятын дүниесі болмағандықтан, көбісі банктен қаржы алуға қауқарсыз. Ал үстемақысы небары 0,5% шағын несие бәріне бірдей жетпейді.
– Өткен жылы бізге қажетті көлемнің 25%-і ғана бөлінді. Өзін-өзі еңбекпен қамтыған,жұмыссыз отырған тұрғындар үшін шағын несие аса тиімді. Сондықтан оған сұраныс зор. Былтыр ала алмағандар қаржыландыру қашан басталады деп бізге жиі келіп сұрайды,-дейді Қостанай аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Наталья Ткаченко.
Ауылда дербес бизнес бастағысы келетіндердің дені мал шаруашылығымен айналысқанды жөн көреді.Арасында қызмет көрсету орындарын ашсам дейтіндер де жоқ емес.
– Қосымша бөлініп отырған 14 миллиард тенге шағын несие ауыл-аймақтарда кәсіпкерліктің өріс алуына үлкен сеп болары сөзсіз. Былтыр аяқсыз қалған бизнес жобалардың 30% -і бірінші кезекте қаржыландырылады. Басқалары да құр алақан қалмасы анық,-дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Роберт Юсупов.
Биыл Бизнес-бастау бағдарламасы бойынша кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренгісі келетіндердің саны былтырғыдан екі есе көп. Мамандардың айтуынша, олардың жартысына жуығы шағын несиемен қамтылуы тиіс.

Әлібек ЫБЫРАЙ