Темір жол жөнделеді

Биыл Есіл теміржол бекеті мен Тобыл арасындағы 74 шақырымдық шойын жолға күрделі жөндеу жүргізіледі. Оның құны 4 млрд теңгеге бағаланып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде ҚТЖ жүк тасымалдау бөлімшесінің директоры Берік Қайдаров мәлімдеді.
Оның сөзінше, бұл екі аралық көптен бері жөндеу көрмеген. Оның үстінде  нормалық мерзімі біткелі үш жыл өткен. Әбден тозығы жеткен шойын жолда  пойыз жылдамдығын арттыру мүмкін емес.
-Сондықтан, «Тальго» жүрдек пойызы жолаушыларды Тобыл бекетінен түсіріп кетуге мәжбүр. Теміржол ескірген, ол жолда жүрдек пойыздың жылдамдығын шектеу қиын, – дейді Берік Қайдаров.
Жөндеу жұмыстары екі кезеңге жоспарланған. Яғни, келесі жылы Қостанай-Новоишимск арасындағы бөлік жөнделмек.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлық теміржолшылардан жөндеу жұмыстарын жеделтету үшін және масштабты түрде атқаруға не қажеттігін анықтауды тапсырды. Содан соң ол ҚТЖ басшыларымен кездеспек ойда.
-Бұл жолдар тек «Тальго» пойыздары ғана емес, басқа да бағыттар үшін аса қажет. Мәселен, еліміздің батыс өңірлерінен Астанаға қатынайтын жолаушылар пойызы шойын жолдың нашарлығынан Қостанайды айналып өтеді,-деді облыс әкімі.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓