151-ші қонырау соғылды
Бүгін еліміздің барлық мектептері оқушыларға есігін айқара ашты. Бұл күн – балақайлар мектепке алғашқы қадам басып, алғашқы қоңырау сыңғыры естілген күн. Мектеп-кемелер білім-теңізге қайта шықты. Сол білім кемесінің бірі – Қостанайдағы №10 орта мектеп. Ерекшелігі – облыс орталығындағы мемлекеттік тілдегі бірегей оқу ұясы. Білім күніне арналған іс-шара осы оқу ошағында сән-салтанатымен өтті. Күй күмбірлеп, әуелеп ән шырқалды.
Ұлағатты ұстаз, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Бірімжанова жаңа оқу жылының басты ерекшеліктері мен жоспарлары жайлы бөлісті.
-Жаңа оқу жылына сақадай саймыз. Ұстаздар қатары толық құрамда. Биылғы ҰБТ мен басқа да сынақтарға тыңғылықты дайындалып келдік. Ендігі мақсат – сол білгенімізді шәкірттерімізге үйрету. Сонымен қатар, бірінші сыныпқа келген балалармен жұмыс жасау.
-Жаңа оқу жылына сақадай саймыз. Ұстаздар қатары толық құрамда. Биылғы ҰБТ мен басқа да сынақтарға тыңғылықты дайындалып келдік. Ендігі мақсат – сол білгенімізді шәкірттерімізге үйрету. Сонымен қатар, бірінші сыныпқа келген балалармен жұмыс жасау.
Бұл – маңызды мәселе. Өйткені, болашақтың іргетасы осы жерден қаланады. Биылғы бірінші сынып – тәжірибелік сынып. 12 жылдық білім беруді сынап көруге оқытылады. Тағы бір ерекше тұсы, биылғы 1 сыныптың үш тобында да егіз балалар бар. Біреуі үшем болса, екеуі егіздер.
Бірақ, мұндай жағдайлар біздің тәжірибемізде кездескен. Бәріне бірдей білім нәрін бере алатынымызға сенімдіміз,-деді Айгүл Кәрімқызы.
Шара барысында 11-сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге әліппе кітабын табыстады.
Алғашқы қоңыраудың қонақтары қатарында Қостанай қаласының Құрметті азаматы Беген Көпеш пен ҚМУ-нің мұражай меңгерушісі, философия кафедрасының профессоры Қалқаман Жақып мырза болды.
Бұл қазақ даласындағы сонау Ыбырай атамыз бастағаннан бергі соғылған 151-ші қонырау екенін Қалқаман ағамыз атап өтті.
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген автор