Өрескелдік қайталанбас үшін

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық Депаратментінде еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы Стратегиясын сыртқы талдау және жүзеге асыруға бағытталған арнайы мониторингтік тобы құрылған. Департамент қабырғасында өткен кезекті басқосуда Қостанай ауданының білім бөліміне қарасты мекемелер мен аудандық балалар шығармашылық үйіндегі парақорлыққа ұмтылу деректеріне қатысты қорытындыны талқылады.IMG_0592– Жылдың алғашқы тоқсанында жүргізілген «Құпия сатып алушы» акциясы аясында әлеуметтік маңызы бар және көпшілікке мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінде 48 заң бұзушылық анықталып отыр. Оның ішінде басы артық құжат талап ету, қызмет көрсету тәртібі жайында ақпараттың болмауы, қызмет алушылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдайдың жасалмауы, тегін көрсетілетін қызметтер үшін ақы талап ету және тағы басқа өрескелдіктерге жол берілген. Бұдан бөлек, мониторингтік топ өкілдері облыс орталығындағы емханалар, қорғаныс ісі жөніндегі бөлімдер, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінде де болды, – деді Департаменттің басқарма басшысы Г.Шағырова.
Жиын соңында жоғарыда аталған мекемелердегі өрескелдіктерді жою үшін бірқатар ұсыныстар енгізілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓