Мың шақты ІТ-сыныптар ашылады

«Нұр Отан» партиясы оқушылар үшін web-сайттар мен бағдарламаларды құру бойынша тың жобаны бастағалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.20180423121418
«Алдағы үш жылда «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік және жергілікті органдармен, Үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес-құрылымдармен бірлесіп, бағдарламалау мен робототехника негіздерін тереңірек оқыту үшін бүкіл ел бойынша тегін ІТ-сыныптарды ашуды жоспарлап отыр. Бұл 8-16 жас аралығындағы 450 мыңға жуық баланы оқытуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады ОҚК-да өткен баспасөз мәслихатынада партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.
Осылайша, Қазақстанның оқушылары еуропалық білім стандарттары бойынша web-сайттар мен бағдарламаларды құруды, қарапайым алгортимдерді дайындауды үйренбек.
IT-сыныптар IT-стартаптардың халықаралық технопаркі – Astana Hub-пен интеграциялана отырып жұмыс жүргізетін болады. Ең бірінші кезекте, жоба шағын комплектілі және ауылдық елді мекендердегі балалар үшін жетекші цифрлық дағдылардың қол жетімділігі мәселесін шешуге бағытталған.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓