“Балаға мейірім сыйла!”
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды.
Сонау 2001 жылдан бастау алған қайырымдылық шарасы облысымызда жаңа оқу жылы қарсаңында үнемі ұйымдастырылады.
Осы арада айта кеткеніміз жөн, Қостанай облысының бұл бастамасын 2008 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қолдағандықтан, акция республикалық мәр-тебеге ие болды. Акция мақсаты – тұрмыс жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдау мен көмек беру. 2014-2015 жаңа оқу жылында осы санаттағы балаларға нақты атаулы көмек көрсету, облыстың ұйымдары мен тұрғындарының қайырымдылық белсенділігі үшін қолайлы жағдай жасау.
Қайырымдылық акциясы қолға алынғалы 100 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді.
Г.Бадаққызы.