Сапабек Әсіпұлы өмірден озды

Қазақтың белгілі жазушысы, журналист, "Қостанай таңы" газетінің ардагері Сапабек Әсіпұлы өмірден озды.30741841_1700975180001139_8897778695053177189_nСапабек Әсіпұлы 1925 жылы 21 қарашада қазіргі Қостанай облысының Аманкелді ауданындағы Қабырға ауылына қарасты Сарының Алакөлі деген жерде дүниеге келген. Еңбек жолын он екі жасында шығырға құлақшы болудан бастады.
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1944 жылғы қыркүйектен бастап 1972 жылғы маусымға дейін журналистік жұмыспен шұғылданды: Қостанай облыстық «Большевиктік жол» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, Аманкелді аудандық «Социалистік шаруа», Жанкелдин аудандық «Социалистік ауыл» (кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь») газетінде жауапты хатшы, редактор болған. 1965-1967 жылдары Жангелдин аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған. 1972 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Қазақ Совет Энциклопедиясының бас редакциясында аға ғылыми қызметкер, бас редактордың бірінші орынбасары, редакция меңгерушісі болып істеген.
«Қазақ қасіреті» (1994), «Қатерлі дерт, қалжыраған халық» (1998), «Танталовы муки степи» (2001) атты кітаптары бар. «Нұрхан Ахметбековтың поэтикалық әлемі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1973). Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995).

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓