Қателікке қарсы қарекет

Қостанай қаласында "Таза қалаға – таза жарнама" атауымен жастар акциясы өтті. Оны облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырып, оған "Жас Отан" жастар қанаты өкілдері және "ГрИн" ҚБ еріктілері,  А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ студенттері және БАҚ өкілдері қатысты. IMG_0088
Акция мақсаты – көрнекі ақпарат құралдарының "ҚР тіл туралы" және "Жарнама туралы" заңдарының талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізу. Яғни, қала көшелеріндегі тәртіпке қайшы, қате жазылған жарнамаларға қарсы күрес жүргізу көзделді. Шараға қатысушылар екі топқа бөлінді. Облыс әкімдігі алдынан қадам алған қос топтың бірі "Жеңіс" саябағына дейін жол түрсе, екіншісі орталық базарға барар жолдағы жарнамаларды сүзгіден өткізді. Өкінішке қарай, қателікке "саятшылық" құрған екі топ та "олжаға" кенелді. Бір жерде жазба мәтіні сауатсыз жазылған, енді біреулері қазақ және орыс тіліндегі мәтіндердің заңды орналасу тәртібін сақтамаған.IMG_0097
 
IMG_0111
IMG_0137
IMG_0102
IMG_0177
IMG_0138
IMG_0127– Заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік тілдегі мәтін жарнама стендінің жоғарғы не сол жағында, ал орысшасы төменгі не оң жағында орналасуы керек. Мұны бақылау – осы рейдтің бір мақсаты. Мінекей, өздеріңіз көргендей, әр адым сайын осындай және өзге сипаттағы қателіктер көзге шалынды. Дей тұрғанмен, тәжірибе көрсеткендей, бизнес өкілдері біздің ескертуден кейін олқылықты түзетуге тырысады, – дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының ономастика және көрнекі ақпараттар мониторингі бөлімінің басшысы Жарасқан Наурызбаев.IMG_0131
Мұндай рейд жыл сайын көктем шығысымен-ақ, 6 ай бойы, аптасына кем дегенде екі рет жүргізілетінін айтты мамандар. Мұнымен қоса, басқарма өкілдерінің "Жас Отан" жастар қанатымен бірлесіп құрған жоспары бар. Сол жоспарға сай, шараға жастарды жұмылдырып, айына бір рет қала көшелерін аралайды екен. Нәтижесіз емес: ескерту естіген тұлғалардың 80 пайызы сыннан сабақ алатын көрінеді. Ал жиырма пайызы өз уәждерін алға тарта шығады-мыс.IMG_0191
– Кейбір бизнес өкілдері "жарнама агенттігіне барыңыздар" деп бізді басқа жолға сілтегісі келеді. Әрине, біз оларға тапсырыс беруші, ақша төлеуші өздері болғандықтан, барлық жайды түсіндіріп, өз талаптарымызды қоямыз. Расымен, бір жаманы, олар жарнама дайындаушылармен өзара келісім-шарт жасаспайды. Қолдарында дәлел құжаттары болмағандықтан, талаптарын өткізе алмайды. Әйткенмен, мінді түзеу бәрібір өз қолдарында екенін ескертеміз, – дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Айжан Сәдуақасова.IMG_0165
Заң талабына томпақ әрекетін түзету үшін айыпкерге екі апта уақыт беріледі. Кейін қоңырау шалып, болмаса, қайта тексеріледі. Нәтиже шықпаса, кәсіп иесінің ісі насырға шабуы әбден мүмкін. Міне, бұл рейдшілер жұмысының жұмырлана түскенін көрсетеді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓