Жиын-терім көлемі нақтыланды
Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының 2020 жылғы жиын-терімі туралы сандық деректер шықты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр өңірде 168,1 мың тонна картоп жиналған. Басқа көкөністердің жалпы көлемі 71,9 мың тонна, көп жылдық дақылдардың жиналымы 3,1 мың тонна болды. Сондай-ақ, 1,9 мың тонна бақша дақылдары жиылған.
Картопты өнімдірек алу тұрғысынан ең үлкен үлес салмаққа Қостанай ауданы (28,7%), Рудный қаласы (13,2%), Қостанай қаласы (7,3%), Федоров ауданы (6,6%) ие болып отыр. Ал жалпы көкөністер жиын-терімі бойынша Қостанай ауданы (25%), Рудный қ.ә.(11,2%), Қостанай қаласы (10,7%), Бейімбет Майлин (8,5%) ауданы алдыңғы орындарға шықты.