Соколов-Сарыбай тізгінін Береке Мұхаметқалиев ұстады

Без имени-1

Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін  "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Береке Мұхаметқалиев акционерлік қоғамының президенті болып тағайындалды.
40 жастағы Б.Мұхаметқалиев  Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық  университетін  "Геологиялық түсірім, іздеу мен барлау" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Б.Мұхаметқалиев Еуразиялық топтың құрамына кіретін "ТҰҚ "Казхром" АҚ  филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында инженер-геолог болып еңбек жолын бастады. 2000-2001 жылдары "ТҰҚ "Каз-хром" АҚ  филиалы – "Казмарганец" кен басқармасының "Тур" кенішінде геолог болып жұмыс ат-қарды. 2001-2003 жылдары  – осы кеніштің бас инженері, кейін бастығы болып жұмыс істеді.
2004 жылдың сәуірінде құрамына "Тур" және "Восточный Камыс" кеніштері енетін "Казмарганец" кен басқармасының бас инженері болып тағайындалды. 2004 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Еуразиялық топтың құрамына кірген "Жәйрем ТБК" АҚ бас инженері, кейін бас директоры, басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.  
Мұхамеджан Турдахунов, "ССКӨБ" АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі болып қала отырып, басқа жұмысқа ауысты.
Мұхамеджан Турдахунов 17 жыл бойы акционерлік қоғамды табысты басқарды. Ол басқар- ған жылдары ССКӨБ өндіріс көлемін 3 есеге ұлғайтты, жаңа өнім түрлерін игерді. Жаңа кеніш-тердің құрылысы басталып, қайта өңдеу қуатын жетілдіру  жалғасуда, әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. 
Еліміздің экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін  М.Турдахунов "Құрмет" және "Отан" ордендерімен көптеген медальдармен марапатталды. Техника ғылымдарының кадидаты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің құрметті докторы және Рудный индустриалдық институтының құрметті профессоры.
М.Турдахунов "Нұр Отан" партиясының Республикалық  Саяси кеңесінің мүшесі. Оның басшылығымен "ССКӨБ" АҚ бірнеше рет салалық және республикалық "Алтын Гефест",  "Алтын жүрек" , "Парыз" байқауларының жеңімпазы атанды. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓