Дипломның телнұсқасын сатып келген
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті дипломның телнұсқасын (дубликат) беру тәртібіне байланысты құқықбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ведомствоның баспасөз хатшысы Аида Бажирова мәлімдегендей, мемлекеттік қызмет стандарттарына сай дипломның телнұсқасы тегін беріледі. Егер дипломды жоғалтып немесе жыртып алған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш жазу жеткілікті.
«Қостанайдағы әлеуметтік-техникалық колледж мамандары бұрын оқып кеткен студенттеріне дипломның телнұсқасын беру үшін бір мыңнан екі мың теңгеге дейін ақша талап екен. Тексеріс барысында бұл заңсыз әрекетке тосқауыл қойылды. Алдағы уақытта бұл жайт бақылауда болады», – деді А.Бажирова.
Осылайша, департамент шешімімен дипломның телнұсқасын сатып алған 13 студентке қаражат толық көлемде қайтарылды.