Көршісіне балта алып жүгірген
Жітіқара ауданы прокурорының орынбасары Руслан Өмірзақовтың сөзінше, оқиға 16 қарашада үй ауласында болған.
"Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы баспалдақ алаңында 34 жастағы ер адамның мүрдесін тапты. Ол жерден балта да табылды. Тергеу нұсқасы бойынша, 29 жастағы көршісі бұл қылмысты жеккөрушіліктен жасаған. Артынан ол пәтерге кіріп, өзіне қол салған", – дейді Өмірзақов.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.