Ауылдастың ауласына түскен

Қарасу ауданының полицейлері жергілікті тұрғындардың ауласында жасалған ұрлықты ашты.
Тәртіп сақшыларына Айдарлы ауылының тұрғындарынан бірнеше өтініш келіп түскен. Үйлердің аулаларынан құрылыс материалдары жоғалып кеткен. Жалпы шығын 70 000 теңгеден асты. Ұрлықшы қылмысты терезеден кіріп жасаған.
– Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған, 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі  "Қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Қарасу ауданы ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Алмат Досов.
Ұрланған заттар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Ер адам бұрын осындай қылмыстар істегені үшін екі рет жауапкершілікке тартылған. Ол қамауға алынды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓