Тоқаевқа қастандық жасамақ болған
Наурыз айының соңына таман Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарсы барлау қызметі Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау қызметінің "А" деген тыңшысын ұстады.Қолға түскен адам Қазақстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды Экспресс К.
ҰҚК-нің хабарлауынша, тыңшы бір мезгілде арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты лаңкестік әрекеттер жасауды жоспарлаған.
Тінту барысында шет елде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі көлемде ақша тәркіленді. Бұл қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген.
Бұдан бөлек ҚР-да "А" әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындаған.
Алдын ала тергеу кезінде ҚР азаматы жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады.