Отбасы мәселелері бойынша кеңес беру орталығы ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылды – «Ислам және отбасы жылы» деп жариялады. Осыған орай Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінде  семинар өтті.Аталмыш іс-шараға өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы «Исламдағы жанұя үкімдері» тақырыбында келелі әңгіме қозғады.IMG_2388Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, мешіттің алқа мүшесі Қалқаман Жақып семинарға қатысушыларға «Балаға дұрыс ат қою» мәселесі бойынша танымдық лекция оқыды.IMG_2293Облыстық дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Сапар Әбдиев жастарға «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген тақырыпта жан-жақты әңгімеледі.
Семинар соңында семинарға қатысушы жастар баяндама жасаған белгілі азаматтарға көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.IMG_2408Сонымен қатар, «Ислам және отбасы жылы» аясында ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің жанынан отбасы мәселелеріне  байланысты «Кеңес беру орталығы» ашылып, оған найб имам Сыздықов Дархан Манарбекұлы жетекшілік етеді.
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓