Күн жылынады
Қазақстанға жылжып келе жатқан антициклон нәтижесінде алдағы үш күнде республиканың бірқатар облыстарында жауын-шашын тоқтап, күн жылынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің айтуынша, 21 сәуірге қарай күндізгі ауа температурасы солтүстікте 10-18, оңтүстікте және оңтүстік шығыста 18-23 градусқа дейін, қиыр оңтүстікте 25-28, шығыста және орталықта 13-21 градусқа дейін көтеріледі.