Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның Қостанай және Маңғыстау облыстарында сәрсенбі, 11 сәуір күні ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметтер бойынша, Қостанай облысында 11 сәуір күні жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының аумағында кей жерлерде оңтүстік шығыс бағыттан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді және құмды дауыл соғады деген болжам бар.