Салқын су тоқтайды
"Қостанай-Су" МКМ баспасөз қызметі Қостанай қаласының кейбір көшелеріне салқын су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Сьянов-Тәуелсіздік көшелерінен Баймағамбетов-Тәуелсіздік көшелері аралығындағы сумен қамту желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 20 сәуірде сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін:
-Алтынсарин көшесі, 120, 122, 114, 116, 118;
-Пушкин көшесі, 54;
-Қасымханов көшесі,66, 68, 70, 72, 74;
-Толстой көшесі, 50, 54, 62, 53;
-әл-Фараби, 67;
-Абай даңғылы, 153, 155 мекенжайларында салқын су болмайды.
Сондай-ақ, "Медео" қонақ үйі, №2 сот (Тәуелсіздік көшесі бойында), қалалық архив, әскери прокуратура, "Цесна Банк", "Багета" дәмханасы, Қазақтелеком, "Центркредит" банкі, музыка мектебі, "МАРТ" сауда орталығы, ОӘД, "Л.Толстой атындағы ОҒӘ кітапхана, Қазпочта, "Спортмастер" дүкені, "Айдана Плаза" қонақ үйі, "Жан" ЖШС", "Экспресс" тұрмыс үйі, прокуратура, №59 аптеа, "Кукуруза" ДО салқын судан уақытша ажыратылады.