ХҚКО жұмыс кестесі өзгерді

Қостанай облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 29 бұйрығына сәйкес, ХҚКО-лар азаматтарды сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.ee3b0be9-bd67-4f8c-9c65-6ceb6e2effd2
«Енді Қостанай облысының барлық ХҚКО-лары сағат 10-нан 18-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ Қостанайдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына назар аударғым келеді. Естеріңізге сала кетейін, облыс орталығының ХҚКО ашылғаннан бері жаңа форматта жұмыс істеп келеді. Тек «қағаз» қызметтері ұсынылады, азаматтар электрондық қызметтерді өздері немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында алады. Облыс орталығында олар алтау. Сонымен бірге, сіз қызметтерді Қостанайдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекке алдын ала тапсырыс бергеннен кейін ала аласыз. Жаңа кестені ескере отырып, Қостанай қаласының халыққа қызметтер көрсету бөлімдерінде қызметтерді алу үшін сағат 17.30-ға дейін кезектi брондау қажет. Кейін брондау жарамсыз деп танылады», – деді Шыңғыс Әшірбеков, «Азаматтарға арналған үкiмет» КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары.c3252a5e-1c66-442f-9c7a-962ca70077df
Кезекке бірнеше тәсілмен тапсырыс беруге болады: egov.kz электрондық үкімет порталындағы арнайы қызмет арқылы, 1414 нөмірі немесе Telegram bot EgovKzBot2.0 арқылы.ca53a152-4998-4e5a-84d5-d3f8a40140eb
Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында ХҚКО-ларда міндетті түрде медициналық маска кию міндеттеледі. Сондай-ақ, ǝлеуметтiк сақтау қажет.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓