Жұмыссыздықты жеңу жолдары

3f193faf-5e63-4d98-90e1-9a26ed2a8320
Бүгінде жұмыссыздық мәселесінің тез арада шешілуі өзекті мағынаға ие, себебі оның даму деңгейі тұтас алғанда ел дамуының, қала берді жаҺандық тұрғыдағы деңгейін анықтайды. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, жұмыссыздық көрсеткіші қылмыстың азаю-көбеюі, халықтың тұрмыс дәрежесі, көші-қон саясаты және кәсіби жұмыс күшінің болмауына тікелей әсер етеді. Тіпті, Қазақстандағы кез келген елді мекеннің жұмыссыздық үлесін шығаруға уақыт жоғалтып қажет емес. Өйткені, бұл мәселе бұрыннан бар және шешу механизмін талап етеді. Осы тұрғыда біздің мемлекеттің басты міндеті – жұмыссыздық деңгейін төмендету.
Өз кезегінде жұмыссыздықты жою үшін кәсіпкерлер сөз алады. Олар жаңа жұмыс орнының ашылуы, заманауи нарық талаптарына жауап бере алатын білім беру жүйесін қалыптастыру, шағын және орта бизнесті дамыту сияқты басты тетіктерді орындауды жүзеге асырады. Біз айтып отырған проблема әр адамға әрқилы әсер етуі мүмкін. Әрине, жұмысынан айырылған адам психологиялық тұрғыда соққы алады. Мұны арты өмір сүру сапасының төмендеуіне алып келуі ықтимал. Сондықтан да біз көтеріп отырған жайт талай саяси пікірталастарға тақырып болды. Бұл мәселе Елбасының жыл сайынғы Жолдауларынан да көрініс табады. Ел Үкіметі мұның сыртында, жұмыс орындарының көбеюі үшін «Менің арманым» атты бизнес жобалар байқауын ұйымдастырды. Бұл республикалық байқау жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларына қолдау көрсетуге бағытталды. Осы сайысқа қатысу арқылы ілкімді жобаларды бастауға болады. Тек өзіңе деген сенімділікті алдыңғы орынға шығаруың керек. Расында да, адам өз мақсатына жету үшін көп еңбектенуі шарт. 
Сонымен, жұмыс табудың мүмкіндіктері қандай? Алдымен, ақпараттық ресурстардан бастайық. Әрине, жұмыс ісздеуге келгенде әуелі OLX, Market сынды онлайн алаңдар еске түседі. Мұнымен қатар, жұмыс іздеушілер газет-журналдар мен жеке кәсіпкерлердің хабарландыруларына жүгінеді. Әлемдік сарапшылар дәлелдегендей, жаңа қызметкерлер 30 күндік іс тәжірибесінен өту кезінде көбірек сүрініп жатады. Оған себеп – тәжірибеден өту туралы келісім-шартқа қол қойылмауы. Көп жағдайда жұмыс беруші тарап қызметке енді алынған жастарға еңбекақы төлемейді. Көбі мұны қоғамның тұрақты үрдісіне айналып кете ме деп алаңдайтыны рас.   
Кей адамдар жұмыс іздеуден жалығып, еңсе түсіре бастайды. Меніңше, мұндай адамдар тобына бой тіктеп, әлі де алға ұмтылуға болатынын айтқым келеді. Өйткені, біздің елде бизнесті өркендететін түрлі мүмкіндіктер, атап айтқанда курс, семинарлар бар. Сұлулық салоны маманы, аспаз, маркетолог, есепші, программист, сантехник сияқты мамандықтарға осы курстарды оқу арқылы жұмысқа тұруға болады. Қарапайым бір мысал, бүгінде Қытайдағы кәсіп қалай жүріп жатыр? Осы сұрақтың жауабын тауып, өзімізде бизнес ашуға болады. Руслан Ниетпаев және Иван Пинигин есімді жастар тікелей эфирде курс өткізеді. Сондай-ақ, көпке танымал Нұрлан Байділдәнің мемлекеттік порталдардағы тендер туралы айтқандарынан көпті ұғуға болады. Мұның бәрін айтып отырған себебіміз, адам жан жағынан ілім теру арқылы өзін басқа қырынан көрсетуге мүмкіндік алады. Мәселен, жоғарыда айтқан кәсіп үйретушілер адамның жас аралығына, жынысына қарамайды, үйренушілердің арасында декреттік демалыстағы аналар, дипломсыз қалған түлектер де бар. Қысқасы, қазіргі ақпарат тасқыны заманында бір орында тұрып қалуға болмайды. Болашақтың мінберіне шығу үшін жалқаулық сөзін жадымыздан шығарғанымыз жөн. Бәріміз бір қазақтың дамуы үшін еңсе тіктеп, алға жылжиық.
Елбасы жастарға сенеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында мұны қадап тұрып айтты. Енді осы тұста кері байланыс керек-ақ. Оның кілті – жастарда. Жастарымызды инновациялық тұрғыда ойлауға, бәсеке ортасына қорықпай түсуге шақырамын. Біріксек, біз алмайтын қамал жоқ! Рухани жаңғыруды өзімізден бастайық!
 
Ботагөз Малик,
қала тұрғыны

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓