Азық-түліктің сапасы қандай?

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің ең бір маңызды міндеті тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Себебі, азық-түлік адам өмірінің ұзақтығын және денсаулығын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Сондықтан, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары сүт және ет өнімдері мен құс еті сияқты әлеуметтік маңызды тамақ өнімі тобына үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз айында жүргізген тексеріс нәтижесінде кейбір тамақ өнімдерінің талапқа сай еместігі анықталған. Бұл туралы департамент басшысы О.Бекмағамбетов журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, шетелден импортталған өнімдердің шамамен елу пайызы денсаулыққа қауіпсіз емес көрінеді. Зертханалық сараптама нәтижелері кейбір азық-түлік өнімдерінің бактериологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштерге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін көрсеткен. Сонымен қатар, зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша құс және құс етінің 17 сынамасы, яғни 46 пайызы кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін болып шықты. Мәселен, “ФинИнвест” ЖШС өндірген “Добрый выбор” құс етінен жасалған фарштан, “Чебаркульская птица” ЖШС мен “Уралбройлер” ЖАҚ өндірген балапан-бройлердің еті мен сүбесінен патогенді микрофлораның бактериалды тұқымдануы (сальмонелла), ас токсикоинфекцияларын тудыратын ішек таяқшалары анықталған. Сондай-ақ, “Чебаркульская птица” өндірген “Фермеровские” шағын шұжықтарынан, “Нагайбакский птицеводческий” ЖШҚ, “Серволюкс Агро” ЖАҚ, “Лыткаринский МПЗ”, “Уральская мясная компания” ЖШҚ сияқты кәсіпорындардың кейбір өнімдерінен таңбалау белгісі болмай шықты. Ресейлік “Фабрика грез”және“Лагуна-Коил”, “Верховский молочно-консервный завод”, “Проченский”, “Жуково Воробьевский завод”кәсіпорындарының өнімдерінен де ішек таяқшасының бактериалдық тұқымдалуы анықталған.
Сондықтан, мамандар тұрғындарды азық-түлік сатып аларда абай болуға шақырады. Әсіресе, мұздатылған өнімдердің ағзаға өте қауіпті екендігін, себебі ерігеннен кейін микрофлораның екі еселенген жылдамдықпен көбейе бастайтындығын айтады. Сондай-ақ, сатып аларда өнімнің қауіпсіздігі бойынша жарамдылық мерзімі мен таңбалануын қадағалап, сатушыдан міндетті түрде түбіртек талап ету керектігін ескертеді. Ал, тамақ өнімдерінен жоғарыдағыдай талапқа сай емес жәйттерді анықтасаңыз, бұзушылықтың нақты белгілерін растайтын фото (бейне) материалдармен, тубіртектермен және т.б дәлелдермен қоғамдық денсаулық сақтаудың облыстық және аумақтық басқармаларына хабарласауыңызға болады.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓