Қош бол, «Келін!»
«Келін» деп аталатын үнді сериалын білмейтін адам жоқ шығар. Сериалды көрмейтіндердің өзіне Ананди мен Калияни есімді кейіпкерлер таныс. Көпшілік жиналған кеңеске, әлде бір қуанышты шараға тап болсаңыз күбірлескен екеудің әңгімесінен осы сериалды талқылап жатқанын естисіз.
Телехикаяның қашан көрсетіле бастағаны есіңізде ме? Санаймын деп, жаңылысып қалған шығарсыз. Айғай-шуға толы шытырман сюжет салмақты деген адамның ойына да қозғау салар. Ұзақ-сонар хикаяның бітетін күні алыс емес. Baq.kz сайтының хабарлауынша, «Келін» телехикаясы ақпан айында аяқталады. Сериалдың бітетінін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы Кемелбек Ойшыбаевтың өзі растаған. Baq.kz таратқан ақпаратта «Келінді қашан құртасыздар, Жаңа жылдан бастап үнді сериалдары берілмейді дегенді оқып, естіп, ой, бір қуанып едік… Әзірге сыңқылдаған үнді сериалының музыкасының үні өшпей тұр» деп назын білдірген көрерменге К.Ойшыбаев телехикая ақпан айында аяқталатынын айтып, көңілін жайландырды» деп жазылған.
Шетелдік сериалдардың сананы улайтыны туралы бұған дейін талай жазылды. Ел арасында сериалдар туралы әзіл әңгімелер де таралды. Балалар Юсуф болып ойнап, Калянидің қылығы Жайдарман ойындарында көрініс тапты. Көзі қарақты оқырман жазылған жайдың дұрыс, бұрысын екшелеп алар. Өйткені, талғамға талас жоқ. Әркім өзінің ұнатқанын көреді. Алдар көсенің мақамына салсақ, халауләйлім таусылса, әләуләйлім тағы бар шығар. «Келінге» дейін де талай түрік сериалдары мен корей хикаяларын тамашаладық қой.

Тақырыпқа тұздық
Бір әжей Стамбұлда оқитын студент немересіне қыдырып барыпты. Немересі қаланы армансыз аралатса да әжеміз «елге кетемінге» басса керек. Немересі «Әже, ертең қара теңізге апарамын, арғы күні Анкараға барамыз, қалыңыз» деп қиылады. Сонда әжеміз: «Мен ештеңеңді білмеймін. Апарсаң Қыналы қар деген ауылға апар» деп қиғылық салыпты. Таң-тамаша болған немересі «әже-ау, оны қайтесіз?» десе, әжеміз «Ол ауылда танысым көп еді» десе керек.

Қымбат ДОСЖАНОВА