Сарыкөлдегі серпінді сенбіліктер
Сарыкөл ауданында апта сайынғы тазалау жұмыстары айтарлықтай атқарылуда. Әрбір сенбілікте сарыкөлдіктердің серпінді сәттеріне куә боласың. Осы аптада орайластырылған тазалыққа аудан халқы жұмыла кірісті. Әсіресе, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын және ұйым қызметкерлері "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара" ат салысты. Яғни, өздеріне жүктелген аумақтарды ауқымды түрде тазалап, айнадай жалтыратып, аудан экологиясына қомақты үлестерін қосты. Тазалау жұмыстарына шыққандардың дені Абай көшесінің күл-қоқыстарын жинап, қаулап өскен шөптерін шауып, жүктелген жұмыстарды жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен атқарды.
Дәстүрге айналған шара әлі де жалғасын таппақ…
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.