Кездесу әсерлі өтті

Биыл Қарасу ауданының құрылғанына жетпіс бес жыл толып отыр. Осыған орай аудандық орталықтандырылған кітапханада тілшілермен кездесу кеші өтті.
қарасуЗерделі шараға аудандық газеттің ардагерлері және олардың ізін жалғап келе жатқан бүгінгі журналистер қатысты.
Басқосу барысында "Біздің ауданымыздың жылнамашылары" тақырыбында бейнебаян тамашаланды. "Коммунадан" бастау алып, "За изобилие", "Қарасу өңірі" болып жалғасқан аудандық газеттің кешегісі мен бүгінгісі сараланды. Кездесуге келген ардагерлер Екатерина Колесникова, Галина Анатольевна, Жәнібек Бекқожинұлы қаламы қарымды маман есебінде қалыптасуына "Қарасу өңірінің" көп септігі тигенін тебірене жеткізді. Кезінде осы газетте қызмет еткендер, бастарынан өткен қызықты оқиғаларды еске алысты. Басылымның қоғамдағы алар орны мен ерекшелігіне тоқталды.
Жас журналистер Ақнұр Мұсабаева, Валентина Орлова аудандық газеттің өңірдегі беделі туралы салиқалы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ басылымның бағыт-бағдары, халыққа қызықты топтамалар жайында ой қозғады.
Кездесудің ажарын  әуелете салған ән аша түсті. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерімен жиналғандарды бір желпіндіріп тастады. Кеш соңында жиналғандар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Жаңабай АХМЕТОВ.
Қарасу ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓