Құт мекенім – Қостанай

Қостанайым
 
Қостанайдың жерi мынау кеңдiгiндей көңiлдiң,
Қаласы бар таңғажайып жағасында Тобылдың.
Жарыстарда жетiп талай қуанышқа-табысқа,
Өзені мен көліне де, шаттыққа да шомылдым.
 
IMG_3002
 
 
 
 
 
 
 
Қостанайдың сұңқарлары, тұлпарлары жаратқан
Бәйгелерде алда болып, елдi аузына қаратқан.
Елім менің ертегідей ертеңіне ұмтылған
Шартарапқа атын әнмен, алтын дәнмен таратқан!
 
IMG_3145кт2014
 
 
 
 
 
 
Әдетіне айналыпты алда болу жарыста,
Ұлағатты ұл мен қызы көз тігеді алысқа.
Қостанайдың бүлкілдеген қан тамыры секілді,
Тобылдағы көз тігіңіз толқын атқан ағысқа!
 
DSC_8913
 
 
 
 
 
 
 
Кiм болсаң да, күн болсаң да, қарыздарсың халқыңа,
Аруақты, ардақты бол, кiр келтiрме салтыңа!
Қостанайым, досқа байым, тiлейтiнiм абырой,
Желбiретіп намыс туын, даңқ қосылсын даңқыңа!
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.
 
 
Суреттерді түсірген
Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓