900 000 теңгеге демеушілік жасады
Аманкелдінің сыртта жүрген азаматтары аудандағы білім ошақтарына қаржылай көмек көрсетті.
Атап айтқанда: Амантоғай орта мектебіне – 170 000 теңгеге сынып жиһаздарын, Жасбуынға – 529 000 теңгеге техникалық құралдар (принтер, теледидар, сағат), Құмкешу – 128 ш.метр еден төсенішін, Б.Қолдасбаев атындағы мектепке – бейнекамера, Жаңаауылға – 200 000 теңге, А.Нұрманов атындағы білім ошағына – 100 000 теңге көлемінде ақшалай демеушілік жасалды.
Хамитбек Мұсабаев
Аманкелді ауданы