«Торғай ақындарының антологиясы»

Бұл томда Өтеулі Тоғызбайұлының, Уақ Жұмабай Шалабайұлының, Сейдахмет Бейсенұлының, Байжан Қожарұлының, Мәтібай Сарбасұлының, Есенжол Жанұзақұлының, Келімбет Қонысбай Сарбасұлының, Ақмолда Орынбайұлының, Күдері Жолдыбайұлының, Қарпық Шолақұлының, Әбдірахман Иманқұлұлының, Әбіқай Нұртазаұлының, Нарымбай Елтоқұлының, Құбаша Шалбайұлының өлеңдері берілген.
Алдағы жылдарда антологияның 2-ші, 3-ші томдары шығарылмақ.
Торғай аймағының рухани өмірінде жаңашыл іс бастаған Айбек, Батырлан бауырларымыздың істеріне сәттілік тілейміз.
Хамитбек
МҰСАБАЕВ
Аманкелді ауданы.
СУРЕТТЕ: кітаптың мұқабасы.