Өнертапқыштар фестивалі
Қостанайда «Ғылым мен техника» фестивалі өтіп жатыр. Жыл өткен сайын дәстүрлі шара биыл "Рухани жаңғыру" бағдарламасының қабылданғанына бір жыл толуына орайластырылды. Бір қуантатыны, қатысушылар саны уақыт озған сайын көбейіп келеді. Биылғы бәсекеде жүзден астам өресі биік өрендер өздері құрастырған роботтарды айқас алаңына шығарды.
(Сурет "ҚазАқпарат" сайтынан алынды)
Жарыс 7 кезеңнен тұрады. Қатысушылар электронды құрылғыларын қазылардың көз алдында бөлшектеп, бағдарламаларын ағытып, қайта құрастыруы тиіс. Тапсырмалар кезең-кезеңімен күрделене береді. Жасөспірім өнертапқыштар жасаған жобалар ғылым мен техниканы ұштастырып, тұрмысты жеңілдетуге бағытталған. Олар құрастырған үлгілер «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының барлық бағыттарын қамтиды.
– Елбасының «Рухани жанғыру» бағдарламасы робототехниканың дамуына үлкен серпін берді. Қазір көптеген оқу орнында робототехника зертханалары ашылды. Бұл салаға балалардың қызығушылығы өте жоғары. Мысалы, біздің ғана университетте студентерден басқа мектеп оқушылары да робототехника және 3D модельдеуімен айналысып жүр, – дейді фестивалді ұйымдастырушы Есімжан Баймақанов.
Мұндай сайыстар болашақ инженерлердің тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік. Осы арқылы жас буынның ынтасын арттырады. Шараға қатысқан балалар саны 2016 жылы 400 бала болса, былтыр 1300 бала болды. Биыл 3 мыңдай қатысушы тізімге кіріп отыр.Екі күндік фестиваль аясында студент жастардың инженерлік қабілеттері үш өлшемді модельдеу олимпиадасында сарапқа салынады. Үздік шыққандар республикалық байқауға жолдама алмақ.

"24.kz" арнасы