“Мәңгілік Ел” пойызы Қостанайға келді
2016 жылы 15 ақпаннан бастап халық арасында "Мәңгілік Ел" идеясын насихаттау мақсатында Қазақстан Репсубликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Мәңгілік Ел" пойызы акциясы басталды. Айтулы шара 18 наурызға дейін жалғасады. Пойыз сапар барысында 33 елді мекенді қамтиды.

Бүгін отарба Қостанай қаласына келіп табан тіреді. Тобыл өңірінің тұрғындары зор ықыласпен қарсы алды. Жергілікті өнерпаздар өнерлерін ортаға салып, қала әкімі Базыл Жақыпов мырза қонақтарға құрмет көрсетті.


