Еске алу кешіне шақырамыз

"Амандық болса күзде, көрермен, сіздермен қайта қауышып, үлкен шығармашылық концертімді берсем деген жоспарым бар". Былтырғы көктемде ғана Қостанайда шығармашылық кешін өткізген жерлесіміз, әнші-сазгер Қайрат Нұрғазин осылай деп еді. Бірақ сол күздің қара суығы аяқтала дарынды өнер иесі өмірден озды… нургазинСонау тоқсаныншы жылдардың басынан әр қазақтың жүрегінде жатталған «Қыздарға әсемдік жарасады» деп басталатын «Арман жырым – аруларым» әні республикалық «Үкілі үміт» ән байқауында бас жүлдені жеңіп алып, жас сазгердің қанатына күш берген шығарма. Содан бері Нұрғазиннің әндер жазды. Жазғанынан жазары көп сазгердің ғұмыры қысқа болды. Қадірлі әнсүйер қауым, сіздерді Қайрат Нұрғазинді еске алуға арналған "Мәңгі көктем" атпен ән кешіне шақырамыз. 14.0414 сәуірде Рудныйдағы «Горняк» мәдениет сарайында сағат 15.00-де, 15 сәуірде Қостанай қаласындағы Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда сағат 15.00-де басталады.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓