Жаңа тағайындау

Н А З Н А Ч Е Н И Е1_Страница_1Облыс әкімінің бұйрығымен Қамбаров Хайдар Жабықбайұлы Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Хайдар Жабықбайұлы 1957 жылы 20 қарашада Қостанай облысы, Орджоникидзе ауданы, Орджоникидзе ауылында дүниеге келген.
1980 жылы Рудный индустриалды институтын инженер құрылысшы мамандығы бойынша және 1990 жылы Алматы партия мектебін "саясаттану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын  1980 жылы Қостанай облысы, Орджоникидзе ауданында Орджоникидзе ПМК-1445 шебері болып бастады.
1997-1999 жылдары – Қостанай облысы, Орджоникидзе ауданы әкімінің орынбасары.
2000-2001 жылдары – Қостанай облысы Лисаков газбен жабдықтау цехы жерасты жүйесі қызметінің шебері, абоненттік қызмет инспекторы.
2001-2008 жылдары Қостанай облысы Лисаков газбен жабдықтау цехының басшысы.
2008-2013 жылдары – "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Қостанай филиалы, "Қостанайгаз" МКК басқармасының бас инженері.
2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓