Өз ісінің шебері
Облыста техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өңірлік "WorldSkills Kazakhstan 2018" байқауы өткізіліп, оған қатысқан жастар өздерін жан-жақты көрсетіп, танытқан еді. Қалада аталмыш шараның жабылу рәсімі өтті.
(Иллюстрациялық сурет)
Чемпионатты облыстық білім беру басқармасы жүзеге асырды. Сайыс 15 номинация бойынша өтті. Олар – "Дәнекерлеу технологиясы", "Шаштараз өнері", "Кескін-деме және сәндік жұмыстар", "Жүк машинасына қызмет көрсету", "Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу" және "Медициналық және әлеуметтік күтім" сияқты салалар. Байқауға қаламыздың барлық колледждерінен 113 студент қатысқан. 14 қатысушы қола жүлдені иеленсе, күміс жүлдені 15, ал алтын жүлдені 16 қатысушы жеңіп алды. Жұмысшы мамандықтарының деңгейін көтеру, кәсіби дайындаудың стандарттарын жетілдіру мақсатында өткізілетін чемпионатқа Қазақстан 2014 жылы қабылданып, 2015 жылы алғаш рет Бразилияның Сан-Паулу қаласында бақтарын сынаған. Онда әлемнің 1100-ден астам конкурсанты қатысты. Әлем чемпионаты екі жылда бір рет өткізіледі. Кезекті чемпионат 2019 жылы Қазан қаласында өтпекші. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!
Арай ЖЕҢІС