Өнер иелері – Қостанайда

Белгілі композитор Қалибек Деріпсалдиннің әндеріне арналған республикалық "Көктем-қыздар" ән байқауының әділ қазылары, танымал өнер иелері Бейбіт Дәлденбай, Ермұрат Үсенов, Ғазиза Жұмекенова Қостанай жеріне келді. Құрметті қонақтарды облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов қабылдады. IMG_8546-Әуелі, Тобыл-Торғай жеріне қош келдіңіздер демекпін! Еліміздегі ән өнеріне сіңген еңбектеріңіз зор және бұл жемісті жолды әлі де жалғап келе жатқандарыңызға рақмет. Бірауыз сөзімізге құлақ асып, Қостанайға, осынау ән байқауына келгендеріңізге дән ризамыз. Қостанай облысы әманда өнерпаздарға бай, алдағы екі күнде бұған куә боласыздар. Ал, Қалибек ағамыздың жөні бөлек. Ол кісінің әншілігі бір төбе, азаматтығы бір төбе дегім келеді. Өйткені, бұл шара ағамыздың ел ішіндегі абыройының арқасында өткелі отыр. Алдағы уақытта одан ары жалғасын табады деп ойлаймын,-деді Ерлан Болатұлы. IMG_8553Меймандар да өз тараптарынан ұйымдастырушыларға алғыс айтып, байқау жайында және Қостанай облысының мәдени тұрмыс-тіршілігі туралы әңгімеледі.
-Сонау Алматыда жүрсек те Арқалық қаласы мен Аманкелді, Жанкелдин аудандарымен тығыз байланыстамын. Жиі барып тұрамын. Сол Торғай даласындағы торқалы тойлар жайлы естіп жатырмыз. Ұлт азаттық көтерілісінің 100 жылдығы, Бақытжан Байқадамовтың туғанына 100 жыл және Кейкі батыр бас сүйегінің туған жер қойнына тапсырылғаны өте жоғары деңгейде аталып өтті. Рухымызды асқақтататын іс-шаралардың солтүстік аймақта көптеп өтуі көңіл қуантады,-деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті композитор, Одақ мүшесі, Астана мемлекеттік өнер университетінің профессоры, аталмыш байқаудың төрағасы Ермұрат Үсенов.IMG_8560
Алматыдан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті композитор, Қазақстан композиторлары одағының басқарма мүшесі, Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры, Алматы облысының құрметті азаматы Бейбіт Дәлденбай аталмыш байқау жас таланттарға үлкен мүмкіндік сыйламақ.
-Бүгін-ертең жақсы әншіні көріп жатсақ, Астана мен Алматыдағы оқу орындарына шақырмақпын. Қазақтың барлық таланттары ауылдан шықты емес пе! Біз де дарындарды жер-жерден іздеп жүрген жайымыз бар,-деді ол.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.
 
Алматыдан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті композитор, Қазақстан композиторлары одағының басқарма мүшесі, Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры, Алматы облысының құрметті азамат Бейбіт Дәлденбай мен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті композитор, Одақ мүшесі, Астана мемлекеттік өнер университетінің профессоры, аталмыш байқаудың төрағасы Ермұрат Үсеновті шақырып отырмыз. Бұдан соң ҚР еңбек сіңірген әртісі, Ақмола облыстық филармониясының әншісі, Торғайдың бұлбұл қызы Ғазиза Жұмакенова

 

 

 

Ақпарат мына сайттан алынды: https://old.kostanaytany.kz

Алматыдан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті композитор, Қазақстан композиторлары одағының басқарма мүшесі, Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры, Алматы облысының құрметті азамат Бейбіт Дәлденбай мен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті композитор, Одақ мүшесі, Астана мемлекеттік өнер университетінің профессоры, аталмыш байқаудың төрағасы Ермұрат Үсеновті шақырып отырмыз. Бұдан соң ҚР еңбек сіңірген әртісі, Ақмола облыстық филармониясының әншісі, Торғайдың бұлбұл қызы Ғазиза Жұмакенова

 

 

 

Ақпарат мына сайттан алынды: http://www.kostanaytany.k

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓