Жаңа тағайындау
Қостанай облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары тағайындалды
Қостанай облысы әкімі аппарат басшысының бұйрығымен Қостанай облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары болып Сандыбаев Мұрат Миртайұлы тағайындалды.
Мұрат Миртайұлы 1988 жылы дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін программист мамандығы бойынша тәмәмдаған. Менеджмент саласында экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2010 жылы Қостанай облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімінде компьютерлік қамтамасыз ету маманы болып бастаған.
2013-2015 жылдар аралығында Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінде бас маман, бас инспектор және бөлім жетекшісі қыметттерін атқарды.
2015 жылдан 2016 жылға дейін Қостанай облысы әкімінің көмекшісі болды.
2016 жылдың қарашасынан бері Федоров ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.
Қостанай облысы әкімінің
баспасөз қызметі