Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті қостанайлықтар!
 
Сіздерді мемлекеттік мереке –Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен бас қалаға айналды. Айбыны асқақтаған Астана бүгінгі күні еліміздің саяси, экономикалық, ғылым мен мәдени және рухани өмірінің өзегі – Тәуелсіз мемлекетіміздің үлкен жетістігі. Мәңгілік ел болу жолындағы көпұлтты халқымыздың мерейі мен мәртебесі, абыройы мен айбары.
Елорда бүгіндері қозғаушы күш ретінде нақты әрі батыл қадам жасап,  үлгі ретінде бүкіл елді өзімен бірге алға бастап келеді. Астананың дамуы еліміздің өңірлеріне серпін береді. Соның арқасында бір кездері бізге тек арман болып көрінген мәселелер   іс жүзінде шындыққа айналды. Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі – соның айқын дәлелі.
Бүгінде Астана әлемдік аренада саяси көшбасшылардың, іскер әріптестер мен инвесторлардың, конфессиялар мен дін өкілдерінің, әлемдік мәдениет және өнер қайраткерлерінің бас қосатын орнына айналды.
Қазіргі таңда қазақстандықтар өз Астанасын, оның жетістіктерін мақтан тұтады,  жарқын болашағына сенеді.
 
Қымбатты жерлестер!
 
Бұл мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақытты да баянды өмір, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш тілеймін.
 
А. Мұхамбетов,
Қостанай облысының әкімі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓