Жаңа мереке пайда болады
Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Қазақстанда жаңа мереке енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілісмен еуразиялық интеграция аталып кеткен тарихи үдерістің Қазақстаннан бастау алғанын атап өтті.
"2014 жылы 29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қойылғаны бәріне белгілі. Сондықтан интеграция мен бірігу идеяларын насихаттау мақсатында және Қазақстанды Еуразиялық одақты құру идеясының авторы ретінде бекіту үшін "Еуразиялық интеграция күні" мерекесін атап өтуді ұсынамын", – деді Бақытбек Смағұл "ҚР және Еуразиялық кеңістік: дамудың бүгіні мен болашағы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында журналистерге жауап бере отырып.