124 инвестжоба іске асырылады

Бүгін аймақ басшысы А.Мұхамбетов  «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындыларын қарауға арналған жиын өткізді.Бұл бағдарламаға 2021 жылы 7,1 млрд.теңге бөлінген. Сондай-ақ, өткен жылы 1 744 жобаны іске асыру мақсатындағы несиелерді субсидиялауға және кепілдендіруге 75,3 млрд теңге жұмсалды.
"Біздің облыста «БЖК» жүзеге асыруды екінші деңгейдегі тоғыз банк және бір лизингтік компания жүзеге асырады. Осы жылдан бастап «Бизнестің жол картасы» іс-шараларын іске асыру ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен бекітілген кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның екінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау шараларын ұсыну «Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру» ұлттық жобасының міндетіне бекітілген, оларға осы жылы 4,8 млрд теңге көзделген", -деп жазады облыс әкімі инста-парақшасында.Сондай-ақ, жиында 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері қаралған..
"Жергілікті атқарушы органдар үшін негізгі міндет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асырумен тығыз байланысты жергілікті бюджетті сапалы атқару. Мәселен, Қостанай облысының 1 123 тапсырыс берушісі 2021 жылы жалпы сомасы 140,4 млрд теңгеге 15 866 мемлекеттік сатып алуды өткізді. Сондай-ақ, 2021 жылы 102,1 млрд теңге сомасына 187 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру басталды, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 6,7 млрд теңге сомасына 62 жоба іске асырылды. Осы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша, облыста қазіргі уақытта 1 103 тапсырыс беруші жұмыс істейді", – деп мәлімет берді аймақ басшысы.2022 жылы жалпы сомасы 44,6 млрд теңгеге 124 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. 
Отырыс қорытындысында А.Мұхамбетов қала-аудан әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына "БЖК" бойынша, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысты өзгерістер тұрғысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓