Жеңімпаздар анықталды

Қостанайда "Асқақ әнім – Астана" облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және Гала-концерті өтті. Осынау шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.IMG_5386-2017 жылы Қостанайдың 19 шығармашылық ұжымы мен 34 өнерпазы бас-аяғы 24 халықаралық фестиваль мен байқауға қатысқан. Біздің таланттар 50 жүлделі орынды иеленген. Сол жеңімпаздардың тең жартысы өнер жолын осы облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалінен бастаған. Бүгіндері бұл шара дамудың жаңа сатысына шықты. Облыстық "Қазақстан-Қостанай" арнасымен бірге тележоба көрерменге жол тартты, оны YouTube желіснен де көруге болады,-деді өңір басшысы. IMG-20180327-WA0049Іріктеу кезеңдері барлық аудан, қалаларда ақпан айында өткен болатын. Жеңімпаздар Елордада болатын "Асқақ әнім – Астана!" атты қорытынды кеште өнер көрсетпек. 
Фестиваль қорытындысы бойынша 3-орынды Қостанай мен Рудный қалалары бөліп алды, олардың әрқайсысына 700 мың теңгеден қаржылай сыйлық берілді. IMG_5544
IMG_5540Әулиекөл мен Қостанай ауданы 2-орынды қанағат тұтып, 1 млн теңгеге ие болды. IMG_5550
IMG_55561-орын және 1 млн 700 мың теңгенін сертификатын Жітіқара қаласының өнерпаздары жеңіп алды. Ал байқаудың бас жүлдесі мен 2 млн теңгені Федоров ауданының таланттары әкетті. IMG_5562
IMG_5577Аманкелді, Жанкелдин, Алтынсарин, Меңдіқара аудандары арнайы сыйлықтарға ие болды.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓