Шағын аудан шарықтамақ

Бүгін Қостанай облысына  «Бәйтерек» Ұлттық Басқарма Холдингі АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев ат басын бұрып, компания қаржыландырып отырған бірқатар нысандарды аралады.IMG_0993
Астықты аймақтың ахуалын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайына сүбелі үлес қосып жүрген айтулы компания биыл «Әуежай» мөлтек ауданында тоғыз бірдей тұрғын үйдің құрылысын қолға алған. Айтулы ауданда көп қабатты 9 үйдің жобасы дайын тұр. Баспана үшін осы жерден 117 мың шаршы метр бөлінген. Алдағы екі жыл ішінде 1978 пәтер өз иелерін қабылдамақ.IMG_0969
-Құрылыс көлемі 31 га құрайды. Шағын ауданда 280 орындық екі балабақша және 900 балаға арналған бір мектеп бой көтереді. Сондай-ақ, 2014-2015 жылдары екі тұрғын үй салынған болатын, алдағы 2017 жылы 106 мың шаршы метр үй тұрғызылады. Сонда жалпы аумағы 151 мың шаршы метр тек тұрғын үйге арналмақ.
 «Бәйтерек» Холдингімен әріптестіктің арқасында бір шаршы метрі 140 мың теңгеден қоныс алуға мүмкіндік туады. Компанияның қаржыландыруымен баспана мәселесі сәл де болса шешімін тауып келеді,-дейді Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов. IMG_0973
«Әуежай» шағын ауданындағы жаңа құрылыс нысаны ағымдағы жылдың 1 сәуір күні басталған. Мердігер Александр Корчинскийдің айтуынша, әзір еш қиындық жоқ.IMG_0953Керек техника мен құрылысшлар ұжымы жеткілікті. Бүгіндері құрылысшылар қызу жұмыс үстінде. Себебі, осы жылдың желтоқсан айында пәтерлердің алғашқы легі қожайындарына берілуі қажет.IMG_0956
 
IMG_0960
IMG_0972"Бәйтерек" АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтулы құрылыс нысанында алғашқылардың бірі болып кірпішін қалады.IMG_1001
Бұдан соң атқамінерлер қаланың басқа аумағындағы «Арман» тұрғын үйіне беттеді. 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында қостанайлық «БК-Строй» құрылыс компаниясы кезекте тұрғандарға арнап 126 пәтерді салып бітірген. Жоспар бойынша бұл үй 9 мамыр күні, Ұлы Жеңсітің қарсаңында иелеріне сыйға тартылмақ. IMG_1004
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓