Үш жақты келісім жемісін берді

Қостанайда облыс әкімдігі, кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу туралы 2018-2020 жылдарға арналған үш жақты келісімге қол қойылды.IMG_8838
    Тараптар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жұмысшылардың жағдайын жақсартуға және өзін-өзі қамтитын тұрғындарды рәсімдеуде күш біріктіруге уағдаласты.
        -Облыстық үш жақты комиссияның отырысы тоқсан сайын өтеді, – деді облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова. – Мәселен, өткен жылы осындай бес отырыс өтіп, онда барлығы 15 мәселе қаралды. Олардың дені жалақы қарызы, өндірістегі жарақатты ескерту, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу, әкімдік, кәсіпорын басшылары мен кәсіподақтар арасындағы өзара қарыс-қатынастық туралы меморандумды жүзеге асыруға қатысты.
         Бүгінгі таңда жалақы қарызы өткір мәселелердің бірі. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Максим Моргуновтың сөзінше, өткен жылы жұмысшылардың 120 млн теңге қарызы өндірілген. Қазір өз жұмыскерлеріне 1,1 млн теңге төлемей отырған бір ғана кәсіпорын қалған.
         Бұл мәселе әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның күн тәртібінен түспек емес. Өндірістегі жарақат мәселесі де тиылар емес. Керісінше, 2017 жылы оның саны 137-ден 142-ге артқан.  Әсіресе, Қостанай, Рудный және Жітіқара қалаларында жағдай ушығып тұр. Осыған байланысты облыс кәсіпорындарында жұмысшы құқықтарын үйрету шаралары қолға алынған.
           Сондай-ақ, тараптар нәтижелі жұмыспен қамту және «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда  барлық күшті жұмылдыруға келісті. Айтпақшы, ортақ келісімдегі  баптардың бірінде «Еңбек келісім-шартын жаса» деп аталатын бірлескен акция ұйымдастыру көрсетілген.
          – Комиссия жұмысының тиімділігі сол, былтыр еңбек қатынастарында құқық бұзушылықтар жайлы бірде-бір шағым түскен жоқ. Әлеуметтік-еңбек даулары тіркелген  жоқ, – дейді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓