Челябідегі Наурыз тойы

Жақында Қостанай облысының делегациясы Ресей Федерациясының Челябі облысында тұрып жатқан қазақтардың Наурыз мерекесіне қатысып келді. Іс-шараны Челябі облысының Мәдениет министрлігі, Достық үйі және «Жақсылық» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Наурыз мерекесіне арналған жиынға РФ Челябі облысының Мәдениет министрінің орынбасары  И.Анфалова-Шишкина, Челябі облысы Үкіметінің қоғамдық байланыс басқармасы басшысының орынбасары И.Аносов, Ресей Федерациясының мемлекеттік Думасы депутатының көмекшісі В.Бурматов, Челябі облысы бойынша Башқұртстан Республикасының өкілі А.Хабибуллин, Челябі облысы халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары С.Бредихин, Исмагилаг Мешітінің имамы қатысып, құттықтау сөздерін айтты.DSC_0906
Жалпы, Челябі облысында 132 ұлттың өкілдері шоғырланған, 155 ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестік жұмыс істейді. Бәріңізге белгілі, Челябі облысында 40 мыңға жуық қазақ тұрады.eaa66af18d2c5f418925c4a1ea1b5606
Наурыз мейрамын Челябі облысында тұрып жатқан түркі халықтарының өкілдерімен бірге Ноғайбақ, Кунашакский, Магнитогор, Агаповский, Верхний Уфалей, Аргаяшский, Чебаркульский, Ашинский, Қарталы, Пластовский, Чесменский, Златоуст, Копейск, Сосновский сияқты 15 муниципалды ауданы мен қаласынан қандастарымыз келіп қатысып,  халқымыздың салт-дәстүрін, өнерін көрсетті. 6a2c4b239d530f00de8005fc1222f68d
             «Жақсылық» қазақ ұлттық-мәдени бірлестігі облыста тұратын ағайындардың ана тіліміз бен ұлттық дәстүрлерімізді ұмытпауы үшін жыл бойы жоспарлы жұмыс  жүргізіп тұрады.
           Челябіде өткен Наурыз мерекесіне башқұрт, татар, әзірбайжан секілді халықтармен қатар қазақтар да белсене қатысты. Олар әкелген ұлттық тағамның түр-түрі өзгелердің де назарын аударды. Қысқасы, өнерге жастарды баулып отыр деуге болады.568695922b3a9a3047ca0b118c678b17
           
6c58e0456866cf8dce1e2e7f9e01c644 Наурыз мерекесі Челябі  облысындағы қазақтар тұрып жатқан аудандардағы елді мекендерде де өткізілді. Троицк ауданындағы Санарка селосында ұлық мейрамды өткізді. Оған қандастарымыз Троицк, Чесма аудандары мен  Пласт қаласынан келіп, халықтың дәстүрі мен өнерін көрсетті.
            Бақытгүл Сүлейменова
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту
басқармасының бөлім басшысы
 
Челябі—Троицк-Қостанай
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓